Пешпен жылыту қауіпсіздігі

kn21.Пештерді жобалау
Пешпен жылыту 2 қабаттан аспайтын тұрғын үйлерде рұқсат етіледі. Қалалар мен қала типтес елді мекендерде пешпен жылытуды пайдалану дәйектеме бойынша рұқсат етіледі. Пеш бетінің (шойын төсеніш, есіктер мен пеш құралдарынан басқалары) ең жоғары температурасы 1100 С аспау керек. Бір пештің жылытуы бір қабатта орналасқан үш жайдан аспауын қарастыру керек. Екі қабатты ғимараттарда әрбір қабатқа арнайы оттығы мен түтін шығарғышы бар екі қабатты пештер, ал екі қабатты пәтерлерде бірінші қабатта бір оттығы бар пеш орнатуға рұқсат етіледі. Пештің жоғарғы және төмен қабаттарының арасында ағаш қолдану рұқсат етілмейді.
Пештерді дұрысында түтін жолдарын орнатуды қарастыра отырып, жанғыш емес материалдардан жасалған ішкі қабырға мен қалқаларға орнату керек.

Түтін жолдарын, шыққан газдарының шықтануын болдырмау үшін сырт жағынан қажет болса бекітілген, жанғыш емес материалдардан жасалған ішкі қабырғаларға орнатуға рұқсат етіледі. Түтін жолдарын орнататын қабырғалар болмаса, түтінді шығару үшін сұғылған немесе негізгі түтін мұржасын қолдану керек. Отынмен жұмыс істейтін пештердің түтін жолдарында екі нығыз жабылатын ысырма, ал көмір немесе шымтезекпен жұмыс істейтін пеш жолдарында 15 мм диаметрлі тесігі бар бір ысырма орнатуды қарастыру керек. Түзу шатырдың үстіндегі мұржаның биіктігі 500 мм кем болмау керек. Мұржа шатыр төбесінен 1,5 м ара қашықтықта орналасса, түтін мұржасының биіктігі 500 мм аз болмауы керек және түтін мұржасы шатырдың төбе жағынан 1,5 м-ден 3 м дейін ара қашықтықта болса, шатыр төбесінен төмен болмауы керек. Түтін мұржасы шатырдың жоғары жағынан 3 м аса ара қашықта болса, түтін мұржасының биіктігі шатырдың жоғары жағынан төмен бұрыштан жоғары жүргізілген сызықтан төмен болмауы керек. Пеш отымен жылынатын ғимараттарға қосылып салынған биік ғимараттардың түтін мұржаларын шатырдан жоғары шығару керек.
Түтін мұржаларын саз балшық кірпіштен тігінен кемерсіз, қабырғаларының қалыңдығы 120 мм төмен емес немесе қалыңдығы 60мм кем емес ыстыққа төзімді бетоннан жобалап, олардың негізінде тереңдігі 250 мм тазалауға арналған тесіктерімен жабылатын есіктері бар қалталар болуын қарастыру керек. Кірпіш түтін мұржаларының ауыздарын 0,2 м биіктікте жауын-шашыннан қорғау керек. Түтін мұржаларында шатырлар, ақау анықтағыштар мен басқа саптамаларды орнатуға болмайды. Шатырлары жанғыш материалдардан жасалған ғимараттардың мұржаларын көлемі 5х5 мм аспайтын тесігі бар ұшқын қаққышымен бірге орнатуды жоспарлау керек.
Пештің сыртқы беті, түтін мұржасы немесе түтін жолы мен жанғыш және қиын жанатын материалдардан жасалған қабырға, қалқа немесе ғимараттың басқа құрылыстарының арасындағы бос жерді- аралықты өндіруші зауыт құжаттамасы бойынша зауытта шыққан пештер үшін кестеге сәйкес пайдалану керек.

 

Пеш қабырғасының қалыңдығы, мм Шегіндірілген Пештің сыртқы беті немесе түтін жолы (мұржа) мен қабырға немесе қалқа арасына дейінгі ара қашықтық, мм
Жанудан қорғалмаған

Жанудан қорғалған

120 Ашық 260 200
120 Жабық 320 260
65 Жабық 320 260
65 Жабық 500 380

 

Бос аралықты жауып тұрған қабырғаларда еденнің үстіне тесік және жоғары жағында әрбірі кескін ауданы 150 см2 кем емес тор жасау керек. Жабық аралықта еденді жанғыш емес материалдардан жасап, жайдың еденінен 70 мм биіктікте орнату керек.
Үш қатар кірпіштен жасалған пештің беті мен сыланған болат тор немесе қалыңдығы 10 мм асбестпен сыланған қатты қағазбен қорғалған жанғыш немесе қиын жанғыш материалдардан жасалған төбе арасы, уақтылы от жағылатын пештер үшін 250 мм және ұзақ жанатын пештер үшін 700 мм, қорғалмаған төбеде сәйкес 350-1000 мм. Пештің беті екі қабат кірпіштен жасалса, көрсетілген ара-қашықтықты 1,5 есеге үлкейту керек.
Жылуоқшаулағыш жабын металл пештің беті мен қорғалған төбенің арасын 800 мм жасау керек, ал жылу оқшаулағышсыз жабын пеші мен қорғалмаған төбе үшін –1200 мм. Жылу сақтағыш пештің беті мен жанғыш және қиын жанатын материалдардан жасалған төбе арасындағы бос орынды барлық жағынан кірпіш қабырғалармен жабуға болады.
Сонымен қатар пеш бетінің қалыңдығын төрт қатар кірпіш жүрісіне дейін көбейту керек. Пештің үстіңгі жағындағы жабық қабырғаларға кескін ауданы 150 см2 кем емес торларымен әртүрлі дәрежедегі екі тесік жасау керек.

 

Кірпіш немесе бетон, түтін мұржаларының сыртқы бетінен жанғыш немесе қиын жанатын материалдардан жасалған шатырдың басқа да бөліктеріне дейінгі ара-қашықтықты 130 мм кем емес, оқшауланбаған керамикалық мұржалардан.
Түтін мұржалары мен жанғыш және қиын жанатын материалдардан жасалған шатыр құрылымдарының арасындағы бос орынды жанғыш емес шатыр материалдарымен жабу керек. Ғимарат құрылымдарын жанғыш және қиын жанатын материалдан жасалған от жағатын есік түбінлегі еденнің жануынан пеш бойына созылып жатқан 700х500 көлемді металл табақпен қорғау керек, пеш жаны бұрышына жабысып тұратын жанғыш емес материалдардан жасалған қабырға мен қалқаны 25 мм қалыңдықта сыланған металл тормен немесе еденнен жағу есігінен 250 мм биік деңгейге дейін қалыңдығы 8 мм асбест қатты қағаз үстіндегі металл бетпен қорғау керек.
От жағатын есігі мен қарама-қарсы қабырғаға дейінгі ара-қашықтық 1250 мм аз болмауы керек.
Еденнен күлдікке дейінгі ең аз ара-қашықтық еден құрылымы жанғыш немесе қиын жанатын материалдардан болса күлдік түбіне дейін 140 мм; еден құрылымы жанғыш емес материалдардан болса еден деңгейінде қабылдауға болады.
Каркас пештер астындағы жанғыш материалдардан жасалған, соның ішінде аяқтары бар еденді жанудан 10 мм асбест қатты қағазының үстінен болат жабынмен қорғау керек, және пештің астыңғы жағынан еденге дейінгі аралық 100 мм кем болмауы керек.

2. Пештерді пайдалану

  1. Жылу беру маусымы басталар алдында пештер тексеріліп, жөнделуі керек. Жарамсыз пештер мен басқа от жағу құралдары пайдалануға жіберілмейді.
  2.  Пештер мен басқа от жағу құралдарының нормамен бекітілген жанғыш құрылымдардан бөліп тұратын өртке қарсы аралықтары, сонымен қатар күймеген, зақымдалмаған көлемі 0,5м. х 0,7м металл оттық алды қаңылтыры (ағаш немесе жанғыш материалдардан жасалған еденде) болу керек.
  3. Түтін шығарғыш пен пештерді ыстан жылу беру мерзімінің алдында және жыл бойы кемінде үш айда бір рет тазалау қажет.
  4. Жылуөткізгіште от жағу қазандары мен жылу генератор қондырғыларының сұйық отынмен жұмыс істейтін әрбір бүріккішіне кемінде екі шұра орнатылуы қажет: біреуі оттықтың жанында, екіншісі отыны бар ыдыстың жанында.
  5. Елді мекендердің қазандық және басқа жылу бергіш қондырғыларын пайдалану кезінде

- жұмысқа арнайы оқымаған немесе сәйкес біліктілік куәліктерін алмаған тұлғаларды тартуға;
- жайларда тез жанғыш 1м.3 сұйықтықты немесе  5м.3 жанғыш сұйықтықты сақтауға;
- отын ретінде жабдықты пайдалануда техникалық шарттарда қарастырылмаған мұнай өнімдерінің қалдықтары мен басқа тез жанғыш, жанғыш сұйықтықтарды қолдануға рұқсат етілмейді;
Тыйым салынады:
- жылу бергіш жүйеден сұйық отын (газдың ағуы) ағып тұрған кезде жылуөндіргіш қондырғыларды пайдалануға беруге;

  1. шұра немесе газ оттығы өшіп жатқанда отын беруге;
  2. қондырғыны алдын ала үрлеп тазартпай жағуға;
  3.  бақылау және реттеу құралдары бұзылып немесе өшіп жатқанда, жоқ болғанда жұмыс істеуге;
  4. қазандықтар мен бу шығарғыштарда жанғыш материалдарды кептіруге.

6) Пеште от жағу кезінде тыйым салынады:

  1. от жанып жатқан пешті қараусыз қалдыруға, сонымен қатар кішкентай балаларға қарауды тапсыруға;
  2. отынды, басқа жанғыш заттар мен материалдарды оттық алдындағы қаңылтырға қоюға;  
  3.  от жағуға жанармай, жермай, дизель отыны мен басқа тез жанғыш сұйықтықтар мен жанғыш сұйықтықтарды қолдануға;
  4. отынның бұл түріне арналмаған пештерді көмірмен, көк және газбен жағуға;  
  5. жайларда жиналыстар мен басқа да көпшілікке арналған іс-шаралар өтіп жатқанда пештерде от жағуға;  
  6. желдету және газ жолдарын түтін шығару үшін пайдалануға;
  7. пештерді қайта қыздыруға.  

7) Оттықтан шығарылған ыс пен күлге су құйып, арнайы бөлінген қауіпсіз жерге төгу керек. 8) Өрт қауіпсіздігі талаптарына, стандартқа, және техникалық шарттарға сай келмейтін металл пештерді орнатуға болмайды.
Уақытша металл пештерді орнатқанда келесі өрт қауіпсіздігі талаптары сақталу керек:

  1. металл пештердің аяқтарының ұзындығы 0,2м. аз болмауы керек;
  2.  пеш астындағы жанғыш едендер саз балшықпен жапсырылған кірпіш қатарымен немесе үстіне болат қаңылтырмен жабылған қалыңдығы 0,012м. асбест қатты қағазымен оқшаулануы керек;  
  3. металл пештерді ағаш құрылымдар мен жиһаздан 1 м., жанудан қорғалған құрылымдардан 0,7 м. қашықтықта және от жағу тесігінен ағаш құрылымдар мен жиһаздан 1,25 м. қашықтықта орнату керек.

9) Металл түтін мұржасын терезеден шығарғанда, ішіне түтін мұржасының диаметрінен 3 дм-ден кем емес, бөлгіштің орнына қаңылтыр темір қойылуы керек. Мұржаның ұшын ғимарат қабырғасының сыртына кемінде 0,7 м-ге шығарып, 0,5 м. биіктікте жоғары қараған мұржа аузымен аяқтау керек. Жоғары қабаттың терезесінен шығарылған мұржа аузы ернеуден 1 м-ге жоғары шығып тұруы керек. Мұржаның аузына қақпақ орнатылуы қажет.

10) Шатырларда түтін жолдары өтетін барлық түтін мұржалары мен қабырғалар әктелуі керек.

 

 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 2013-07-15 09:24 / 2016-01-11 09:47