Сел

kn2Сел– тау өзендерінің арнасы мен ойпаттарында тосыннан пайда болатын уақытша су тасқыны мен тау жыныстары сынықтарының саз бөлшектерден бастап ірі жыныстар мен тастарға дейінгі көп мөлшері.
Селдер Солтүстік Кавказ, Орал, Шығыс Сібір мен Қиыр Шығыстың кейбір аудандарында болады. Сел тасқыны мол және ұзақ уақыт жауған жаңбырдан, қар мен мұздықтардың қарқынды еруінен, су қоймасының тасуы, жер сілкінісі, вулканның атқылауынан кейін туады. Ол кенеттен пайда болып, үлкен (10 м/с дейін және одан да көп) жылдамдықпен қозғалады және ондаған минуттардан бірнеше сағаттарға дейін көбінде бірнеше толқын түрінде келеді. Сел толқынының алдыңғы ірі фронтының биіктігі 15 метр және одан да биік болуы мүмкін. Қозғалып келе жатқан сел тасқынының сарқыры мен гүрілі алыс қашықтықтан естіледі. Апатқа адамдар (саяхатшылар, геологбарлаушылар, шекарашылар, жергілікті тұрғындар) тұрғын үйлер, инженерлік және жол имараттары ұшырауы мүмкін.

 

Сел Сел


kn2Селге қалай дайындалуға болады
Әдетте сел тасқыны қай жерден шығатыны белгілі. Тауға шығар алдында, әсіресе мол жауған жаңбырдан соң өзіңіздің қозғалыс бағытыңыздағы бұл жерлерді зерделеп, олардан аулақ жүріңіз. Тап болған сел тасқынынан аман қалу мүмкін еместігі әрқашанда есіңізде болсын. Сел тасқынынан тек қашып құтылуға болады. Күні бұрын көшу кезінде, үйді қалдырар алдында электр, газ және суқұбырын өшіріңіз. Есік, терезе мен желдеткіш тесіктерді тығыз жабыңыз.
Селдің алдын алу шаралары
Сел қаупі бар аудандарда селге қарсы тосқауылдар мен бөгеттер орнатылып, суасты каналдары жабдықталады, ағаштар отырғызу арқылы беткейлердегі топырақты бекітіп, тау өзендерінің деңгейін төмендетеді, қадағалау жүргізіліп, құлақтандыру жүйесі ұйымдастырылады және көшіру жоспарланады.

kn2Сел тасқыны кезінде қалай әрекет ету керек
Жақындап келе жатқан сел тасқынын ести салысымен, дереу ойпат жерден 50-100 м-ден кем емес жоғары жерге көтерілу керек. Сонымен қатар гүрілдеген тасқыннан үлкен қашықтыққа өмірге қауіпті ауыр салмақты тастар ұшуы мүмкін екенін есте сақтау керек.

kn2Сел тасқынан кейінгі әрекет
Зардап шеккендерге және сел жүріп өткен жолы мен селдің негізгі үйінділер мен құрылымдар мен органдарға көмек көрсетіңіз Егер сіз зардап шексеңіз-өзіңізге дәрігер келгенге дейінгі көмек көрсетіңіз. Денеңіздің зақымдалған жерлерін мүмкіндігінше көтерілген қалпында ұстап, ол жерлерге мұз (дымқыл шүберек) қойыңыз. Дәрігерге қаралыңыз.

 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 2013-07-15 09:24 / 2016-01-11 09:47