Кене энцефалиті

Кене энцефалиті – Алматы, Шығыс Қазақстан облыстары аумағында және Алматы қ. төңірегінде тіркелетін аса қауіпті және вирусты ауру болып табылады. 
Көктем-жаз мезгілі (мамыр-маусым) кенелердің белсенді әрекет ету мерзімі.
Кене табылған және ауру жағдайлары тіркелген аумақ кене энцефалитінің табиғи ошағы деп аталады.
Адам тауларда демалған кезде, орман, жер-суларды аралаған уақытта кене шабуылына ұшырайды. Орманнан, саябақтан киіммен, гүлдермен, шөптермен, бұтақтармен, сондай-ақ жануарлардың жүнімен бірге келген кенелерден де жұғуы мүмкін. Сонымен қатар жұқтырудың басқа түрі де бар, азық-түлік арқылы, мысалы қайнатылмаған ешкі, сиыр сүті арқылы немесе терінің зақымдалған учаскелері (егер кене денесінде жаншылған болса) арқылы жұғуы мүмкін.
Кенеге қарсы өңдеуге жататын аумақтарды жыл сайын және негізсіз кішірейту кене энцефалитінің ошағын сақтап қалу септігін тигізеді. Кенелер саны тек орманды таулы жерлерде ғана емес, сондай-ақ қаланың саябақтарында да көбеіп келеді. 

Кене энцефалитінің алдын алу
Кене энцефалиті бар аудандарға шығу кезінде денеге жабысқан киім кию керек. Шалбардың балағын шұлыққа, жейдені немесе кеудешені шалбардың ішіне салып,  кеудеше жеңдерінің манжеттерін түймелеп кию қажет. Сыртқы киімнің басты және мойынды толық жабатын күлапарасы болу қажет. Қауіпті жерлерге бару уақытында өзін және өзара қарап отыру өте маңызды. Орманнан әкелінген заттар, сондай-ақ жануарлар мұқият қаралуы тиіс. Адам денесіне қадалған кенені емдеу мекемесінде алған жөн. Егер мұндай мүмкіндік болмаса, оны алдын ала өсімдік немесе камфор майын, не болмаса керосин немесе эфир жағып өздігімен алу қажет. Содан кейін баяу, жеңіл ырғақпен  ары-бері қозғалтып, теріден алып шығу керек.
Алып шыққан кенені қақпағы тығыз жабылатын шыны құтыға салады және кене түрін зерделеу үшін санэпидстанция жіберіледі.
Кене қадалған жағдайда ертерек медициналық көмекке жүгіну қажет.  Ауруханалардың травматологиялық пункттерінде мұндай көмекті тәулік бойы және тегін көрсетеді. Дәл осы жерде вакцина алмаған адамдарға  иммуноглобулинның көмегімен шұғыл профилактика жүргізеді. Иммуноглобулинді кененің қадалған сәтінен бастап алғашқы үш тәулікте егу қажет, себебі кешіктірсе профилактикалық әсері төмендейді.

 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 2014-04-03 10:56 / 2016-01-11 09:47