Жұқа мұз

ШҚО суқоймаларындағы жиі жылымық салдарынан жұқа мұз қаупі туындайды. Балық аулауға аттанған азаматтар өте мұқият және сақ болыңыздар. ШҚО ТЖД суда құтқару қызметінің мамандары ескертеді: бір адам үшін жұқа мұздың қалыңдығы 10 см кем болмауы тиіс. Жылымық кезеңінде 12 см кем болмауы қажет.

Алайда, егер сіз  балық аулауға жиналсаңыз, онда бірнеше қауіпсіздік ережелерін  есте сақтауыңыз қажет:
-көлікті міндетті түрде жағаға қалдыру қажет.
- бағытты таңдаған кезде қатты ағыс жоқ жерге шоғырланыңыз.
- қардың қалың қабаты жатқан жерде мұз үстімен жүру ҚАУІПТІ! Айналып өткеніңіз жөн.   
- балықшының өзімен бірге бір ұшына жүк, екіншісіне ілмек байланған ұзындығы 15 метр жібі болуы тиіс. Егер мұз жарылса, ең болмағанда ойылып түссе бұл құралдың көмегі тиіп қалар.   
- сондай-ақ балықшы мұздың аумағы мен қысымын өлшеу үшін  өзімен бірге сырғауыл немесе қада алып жүру қажет.
- мұздың үстінде от жағуға үзілді-кесілді ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!
- бір-біріне жақын шұңқыр оюға, сонымен қатар бірден бірнеше балықшы едәуір кішкентай жерде отыруға БОЛМАЙДЫ!  

 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 2014-04-03 11:42 / 2016-01-11 09:47