Құрғақшылық


kn2Құрғақшылық– көбінде жоғары температура мен ауа дымқылдығының төмен кезінде жауын-шашынның ұзақ уақыт және айтарлықтай жетіспеушілігі.

 

Засуха Засуха


kn2Қатты ыстық(аптап) – бірнеше күн бойы ауаның орташа плюстік температурасы 10 немесе одан да жоғары градусқа жоғарылауымен сипатталады.
Қауіп адам денесінің қатты қызуы, яғни дене қызуының 37,1 градус Целсийден жоғарылауында немесе жылудың бұзылуы-дене қызуының 38,8 градус Цельсийге жуықтауында болып табылады. Жылу қауіпті жағдай жылу өтуге немесе жүрек қызметінің бұзылуына әкелуі мүмкін ұзақ немесе қатты қыздыру кезінде пайда болады. Қатты қызудың белгілері: терінің қызаруы, сілемейлі қабықтың құрғақтығы, қатты шөлдеу болып табылады. Ары қарай естен танып, жүрек пен тыныс алудың тоқтап қалуы мүмкін.

kn2Құрғақшылыққа ( қатты ыстыққа) қалай дайындалуға болады.
Қосымша ыдыстармен қорланып қойыңыздар және қажет болса алдын-ала оларға су толтырып қойыңыздар. Ыстық жағдайына қолайлы киімдерді, электро-тұрмыстық құралдарды (желдеткіштер, ауабаптағыштар) дайындап қойыңыз. Егер сіздер ауылдық жерде болсаңыздар -шатырларды, күнқаларды, құдықтар, сонымен қатар терезенің алдарын (қалың перделерді) жабдықтап қойыңыз. Мүмкіндігінше электротұрмыстық құралдардың жұмысын қамтамасыз ету үшін электроэнергияның жеке көзін алыңыз. Суды үнемдеп пайдаланыңыз. Өзіңіз де біліңіз, отбасыңызды да жылумен зақымдалу кезінде дұрыс әрекет етуге үйретіңіз.

kn2Құрғақшылық (қатты аптап) кезінде қалай әрекет ету керек
Жоғары температураның әсерінен сақтаныңыз. Бас киіммен, ашық түсті ауаөткізгіш (мүмкіндігінше мақтадан) киім киіңіз. Күйген тері тер бөліп, суымайтыны есіңізде болсын. Асықпай қозғалыңыз, жиі көлеңкеде болуға тырысыңыз. Сыра және тағы да басқа алкагольдік сусындарды ішпеңіз, бұл ағзаның жалпы жағдайының нашарлауына алып келеді. Сізге аптап кезінде қосымша тұз пайдалану қажет пе екендігі туралы дәрігермен кеңесіңіз. Жылудан зақымдансаңыз тез арада көлеңкеге, желге шығыңыз немесе душ қабылдаңыз, баяу көп су ішіңіз. Жылу соғудан сақтану үшін денеңізді салқындатуға тырысыңыз. Айналадағылардың біреуі есінен танып қалса, реанимациялық шаралар жүргізіңіз, (жүрекке тікелей емес массаж және жасанды тыныс беру жасаңыз). Құрғақшылық кезінде өрт болу мүмкіндігінің өсетіндігі есіңізде болсын.

kn2Құрғақшылықтан кейін қалай әрекет ету керек

Табиғи зілзала және халыққа көрсетілген көмек туралы ақпарат алу үшін жергілікті органдармен байланысыңыз. Зілзаланың қайталануына дайын болыңыз.

 

Засуха Засуха

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 2013-07-15 09:26 / 2016-01-11 09:47