Жидектер мен саңырауқұлақтар

Орманға аттансаңыз мұқият және сақ болыңыз! Өзіңіз білмейтін жидектерді теруге асықпаңыз.  
Орман жидектерінің ең қауіптісі қасқыр жидек болып табылады. Бұл жіңішке жапырақтары бар, бұтақтарының ұштары  бұралған аласа бұта. Бұл бұта жайқалып өспейді. Қылқанды (әсіресе шырша орманда) және жапырақты ормандарда, өзен алқаптарында, ағашы кесілген жерлерде және өртенген жерлерде, таулы көлеңкелі ормандарда өседі. Өсімдіктің барлық бөліктері улы болып келеді, әсіресе жидектері қауіпті: бар болғаны 10-15 дана адам үшін өлтіретін мөлшер. Уланған кезде ең алдымен ауыз қуысында және көмекейде тырналау және дызылдау белгілері сезіледі, кейін асқазан ауырып, шөлдеу, жүрек айну, құсу, сілекей ағу күшейе түседі. Кейінірек қан аралас іш өту басталады, бас айналу, әлсіздік байқалады. Қан қысымы төмендейді, түйілу туындап зардап шегуші есінен танады. Жүрек функциясының жіті жеткіліксіздігінен өлімге душар болады.  

Улы қарға көз жидектері – көпжылдық шөптесін өсімдік, тік сабағының ұзындығы 15-30 см. Жаздың екінші жартысында оған тап болсаңыз, ең бірінші көзге көрінетіні сабақтың ұшында отырған бір жалғыз көк-қара ірі жидек (диаметрі 2 см-ге дейін). Қарға көз жапырақты, аралас және қылқанды ормандарда, сондай-ақ бұталардың арасында өседі. Жидектерінің жағымсыз иісі және қышқыл дәмі бар. Олардың құрамындағы заттар жүрек қызметінің бұзылуын, орталық жүйке жүйесінің ауырлауын және асқазан-ішек жолдарының сілемейлі қабығының тітіркенуін туғызады.

Көктемгі інжугүл, хош иісті, өте улы жидек. Дәлірек айтқанда, шілде-тамыз айларының соңында пісетін қызыл етті жидектері қауіпті болып келеді. Уланудың басты белгісі – құсу, кейін асқазан ауырып, іш өтеді. Қатты уланған кезде жүрек ырғағы бұзылады, көру қызметі нашарлайды, түйілу туғызады және естен тандырады. Жүрек функциясының жеткіліксіздігінен өлімге душар болуы мүмкін.

Уланған кезде асқазанды дереу шайып, құстыру қажет. Бұл үшін алдымен 2-4 стақан су ішу керек. Белсендірілген көмір қосылған су (0,5 л суға 2 ас қасық), не болмаса марганец ерітіндісін немесе ас тұзы ерітіндісін ішуге болады. Емшараны 3-4 рет қайталау қажет, одан кейін белсендірілген көмірді қабылдау керек, егер ол жоқ болса азғана кептірілген нан, крахмал ерітіндісін немесе көпіршітілген жұмыртқаның ақуызын немесе сүт ішу қажет (қолдағы бар нәрселермен). Кейін тұзды іш өткізгіш қабылдау қажет - сульфат магния немесе натрия (2-3 стақан суға 25 г) және тазарту клизмасын жасау керек. Бұдан кейін жақын маңдағы емдеу мекемесіне дереу бару қажет.

жеуге тыйым салынады:
сынған жерінен шырын ағып жатқан өсімдіктерді (сүтке ұқсас), өйткені олардың арасында көптеген улы өсімдіктер бар; жағымсыз иісі бар, түйнек тәрізді, тым пісіп кеткен және бұзылған саңырауқұлақтарды. Білмейтін саңырауқұлақтардың барлық түрінен бас тартқан жөн;
пияздың немесе сарымсақтың иісіне тән емес пиязшықтарды;
жемістердің сүйектері мен ұрықтарын – олар әдетте улы болады;
бес бөлікке бөлінген жемістер; тамырында және жапырақтарында түктерге ұқсас кішкентай тікенектері бар шөптер мен өсімдіктерді. Олардың кейбіреуін тек ұлғайтқыш әйнек арқылы көруге болады. Олар ауыз қуысының сілемейлі қабығын және ас қорыту жолдарын тітіркендіреді;
түкті өсімдіктер (немесе оларды қолданған кезде әбден қайнату қажет);
өсімдіктердің ескірген, солған жапырақтары (сонымен қатар қаражидек, таңқурай, шие, өрік және т.б.), өсуіне қарай улы заттар жинақталуы мүмкін;
тым пісіп кеткен қырыққұлақ.  
Қолшатыр түрінде жиналған гүлдер мен өсімдіктерді пайдалануға болмайды, өйткені олардың арасында қауіпті түрлері жиі кездеседі (жеуге жарамдылардың арасында да). Барлық жағдайларда таныс емес жемістерді, пиязшықтарды, түйнектерді 15-20 минут ұзақ қайнату қажет. Қайнату көптеген органикалық уларды жояды.  

Зейінді адам жеуге болатын өсімдіктерді жанама белгілері бойынша ажырата алады. Жан-жағына қарап құстар шоқыған жемістерді, бұтақтар мен діңгектердегі саңғырықтарды, жерден қабық қиындыларын, көптеген сүйектерді көреді. Жердегі аңдар және т.б. жеген олжасын немесе жемісін жасырған тиінді немесе кірпіні көреді.

Бұл көрініске сенуге болмайды, өйткені кейбір аңдар адам үшін қауіпсіз емес өсімдіктерді жеуі мүмкін. Бұғылар ішек құрттардан арылу үшін шыбынжұтты жейді, кеміргіштер, иттер, барылдақ торғайлар сасық меңдуана мен итжидекті сезбейді.

 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 2014-04-03 11:07 / 2016-01-11 09:47