Шөп дайындау кезіндегі өрт қауіпсіздігі

kn2Малға жем дайындау кезінде ауыл тұрғындары ғана емес көптеген қалалықтар да бүкіл жаз бен күз бойы білек сыбанып жұмыс істейді. Ең өкініштісі көп күнгі еңбегіңді санаулы минуттарда оттың жалмап кеткенінде. Облыс бойынша ағымдағы кезеңде шөпті жинау және сақтау кезінде тұрғындардың отты абайсыз қолдануы және балалардың отпен ойнауы себепті 81 өрт болды. 360 тонна ірі азық жойылып, материалдық шығын екі миллионнан аса теңгені құрады.

 

Пожарная безопасность при заготовке сена Пожарная безопасность при заготовке сена

kn2Міне кейбір мысалдар:
- Зырян ауданы Жаңа Бұқтырма кентінде, тұрғын үй маңындағы шаруашылық ауласында 5 тонна шөп, жалпы көлемі 50 шаршы метрдегі шаруашылық құрылыстар жанып кетті. Өрт себебі – отты абайсыз қолдану.
- Бородулиха ауданы Переменовка ауылындағы Степная көшесінде тұрғын үйдің ауласында 5 тонна шөп жанды. Өрт себебі – отты абайсыз қолдану.
- Глубокое ауданы Радужный кентінің Бобровская көшесіндегі шаруа қожалығының аумағында 40 тонна шөп жанып, МТЗ-80 тракторы зақымданды. Өрт себебі бойынша ұшқын сөндіргіш пен оталдыру жүйесіндегі бұзушылықтар деген болжам айтылады.
ШҚО ТЖС мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы ауыл тұрғындары және шаруа қожалықтары мен өндірістік кооперативтер басшыларынан өтінеді. Шөпті жинау және сақтау кезінде ірі азықты сақтау орындарына тасу және жинау бойынша сенімді техниканы дайындау және дұрыс ұйымдастыруға ерекше көңіл аударыңыз. Бұл шаралар көп уақыт пен ірі көлемдегі шығынды қажет етпейді. Осыны пайдаланып өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптарын естеріңізге саламыз.
Шөпті дайындау және жинау жұмыстарына тек қана ұшқын сөндіргіш пен алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықталған автотехника жіберіледі.
Шөпті жинақтау аумағы жанғыш қоқыстан тазартылған, шеті қоршалған немесе мүмкіндігінше су көздеріне жақын орналасуы қажет.
Отаудан электрөткізу желілеріне дейінге арақашықтық 15 метрден аспай, жолдарға дейін 20 метрден кем болмауы керек.
Шөптерді тұрғын құрылыстарының жанына қоралар шатырына жинауға және сондай-ақ өту және жүру жолдарын бөгеуге болмайды.
Шөпті көлікпен тасымалдау кезінде жинау биіктігі 4,5 метрден аспауы керек.

kn2Құрметті азаматтар!
Отты пайдалану кезінде ойланбай әрекет етпеңіз! Астықты нанды сақтағандай қорғау керек!
Ірі жемді дайындау және сақтау орындарында отты пайдалану кезінде аса абай болу керек, сөндірілмеген ошақ, ыстық аптап ауа-райындағы тасталған сіріңке немесе темекінің қалдығы арты толмас қайғыға әкеліп соғуы мүмкін.
Өрт астық жинау техникасына, тракторларға, автомобиль және өзінен жүретін шассиге жанар-жағармайды құюда белгіленген ережелерді бұзу кезінде шығуы мүмкін. Төгіліп қалған май, бензин, керосин және басқа да жеңіл тұтанатын және жанатын сұйықтар үлкен қауіп-қатер көрсетеді. Жану жүйесіндегі, ауыл шаруашылық агрегаттар құбырларындағы ұшқын сөндіргіштер болмаған кездегі ұшқындар, агрегаттар торабындағы жиналып қалған сабан массасының үйкелуі алқаптағы және пішендік жерлердегі өрттің себебі болуы мүмкін.

Отты пайдалану кезінде ойланбай әрекет етпеңіз! Астықты нанды сақтағандай қорғау керек!

 

 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 2013-07-15 09:27 / 2016-01-11 09:47