Өскемен қаласының ТЖ басқармасы балықшыларға қыста мұз үстінде болу қауіпсіз еместігін ескертеді

Өскемен қаласының ТЖ басқармасы балықшыларға қыста мұз үстінде болу қауіпсіз еместігін ескертеді Көптеген балықшылар мұз үстіне шығатын уақытты тағатсыздана күтеді. Бірақта, қыс кезіндегі балық аулаудың біршама  қауіптілігі бар екендігін ұмытпау керек. Мұз үстіне шығу - әрқашанда қауіпті іс. Кәсіпқой балық аулаушылардың назарына Өскемен қаласының ТЖ басқармасымен жасалған, негізгі мұздағы қауіпсіздік ережелерін ұсынамыз:

Мұзда адамның болуының негізгі қауіпсіз жағдайлары мыналар:
- ұсынылған салмаққа мұз қалыңдығының сәйкес келуі;
- бір адам үшін қауіпсіз мұздың қалыңдығы 7 см кем болмау керек;
- жаяу өткел үшін қауіпсіз мұздың қалыңдығы 15 см және одан артық болу керек;
- автокөліктің өтуі үшін қауіпсіз мұздың қалыңдығы 30 см кем болмау керек;
- судың температурасы 2-3°С кезде адамның суда 5-10 минут болуы оның өмірі мен денсаулығы үшін аса қауіпті.

Мұз үстіндегі қозғалыс ережесі

  • Мұз үстіне шығу тек тәуліктің жарық кезінде болуы керек;
  • Суайдынға шығар алдында мұздың мықтылығын тексеріңіз. Кәсіпқой балық аулаушыларға арналған жерлерде, тұрақты мұз қалыңдығын өлшеу жүргізіледі. Ол жеті сантиметрден кем болмауы керек;
  • Балық аулау орнына мұз үстімен жүргенде, қар басқан жерлерден аулақ жүріңіз;
  • Мұз үсті мөлдір болуы керек. Сүт түстес борпылдақ мұз беті қауіпті болады. Мұз бетімен жылжығанда оның түсіне назар аударыңыз. Неғұрлым мұз ашық түсті болса, ол соғұрлым қалың;

Жағаға сол келген бағдармен қайту керек;
Өзіңмен не алу керек

  • Мұз үстіндегі әрбір адам, өзімен ұзындығы 12–15 метр жіп алуы керек. Жіптің бір ұшына ілмек жасалады, екінші ұшына салмағы 400–500 грамм жүк ілінеді;
  • Мұз ойғыш сүймен алып жүріңіз. Оның көмегімен мұзды анықтауға болады, ал төтенше жағдайда ойыққа көлденең тастауға болады;
  • Бәтеңкеге тағылатын, арнайы тырнақтар өте ыңғайлы. Олар тайғанақ мұзда ыңғайлы жүріледі;
  • Суайдынға шыққан кезде, өзіңізбен бірге ұялы телефон немесе рация алыңыз;
  • Өзіңізбен бірге қосымша бір-екі жұп жүн шұлық алыңыз. Термостағы ыстық шәйда артық болмайды.

Балық аулау барысында

  • Мұз бетінде кішкентай алаңда көп топ болып жиналмаңыздар;
  • Шектеулі жерде көп ойықтар жасамаңыз;
  • Егерде сіз мұз астына түсіп кетсеңіз, үрейленбеуге тырысыңыз. Алдымен мұз бетіне бір аяғыңызды шығарыңыз, содан кейін екіншісін. Барлық денеңізбен мұз бетіне шыққанда, ақырындап қауіпсіз жерге сырғанаңыз. Киіміңізді ауыстыру үшін мүмкіндігінше суайдыннан тезірек кетіңіз.

Суайдындағы қайғының ең жиі себептерінің бірі – алкогольдік мас болу. Адамдар қауіпке барабар емес қарайды және төтенше жағдай кезінде дәрменсіз болып қалады.
Құтқарушылардың көмегі қажет болған жағдайда 101, 112 телефондарына хабарласыңыз

Мұз астына түсіп кеткен адамның іс-әріекеті

Мұзда адамдардың қаза болу себебтері абайсыздық және икемділік,  мұзда өзін ұстау қарапайым ережелерін  білмеу және елемеу, жабдықталмаған автомобиль мұз өткелдерін және жаяу жүру өткелдерін өту, маскүнем жағдайында мұзда жүру, және де мұз асты балық аулауда және қысқы су айдындарында демалыста жеке құтқару белдемелерінің және кеудешелердің болмауы болып табылады.
Мұз тұру кезінде 2018 жылғы 8 қарашада Водохлебка өзенінде Глубокое ауданының Верхберезовский кентіне жақын жерде мұз асты балық аулау кезінде жағадан 10 м-де 71 жасты балықшы суға батып кетті. Зардап шегушінің мұздағы қауіпсіздік ережелерін елемеу оқысқа әкеліп соқтырды.
Сондықтанда егерде сіз мұз астына түсіп кеткенде орындау керек іс-қимылдар туралы ақпаратты еске түсіру артық болмайды:
байбалам салмау, тез қозғалмау, демалуды сақтау;
денені көлденең жатуға келтіріп, қолдарды жан-жаққа даю и мұз кесіндісіне ұсталып қалуға тырысу;
көмекке шақыру;
төспен мұздың шетіне ақырын жатып, бір аяқты салуға, одан кейін екіншісін салуға тырысу;
егерду мұз шыдамаса аударылып, ақырын  қай жақтан келді, сол жаққа еңбектеу, өйткені онда мұз беріктілікке тексерілген;
Зардап шегушіге тез арада және өте абайлап болысу қажет: егерде қоқыс жағадан алыс емес жерде және зардап шгуші белсенді іс-қимылдар жасай алғанда, оған арқан, бөкебай лақтыру, ұзын таяқ, тақтайша, баспалдақ және де басқа да қол асты құтқару құралдарын ұсыну керек.
Мұзды судан зардап шегушіні алып шыққаннан кейін, оны тез арада жылыту, жылы ғимаратқа әкелу, қажет жағдайда жедел жәрдем шақыру керек;
Автомобильдің мұз астына түсуі кезінде тірі қалу мүмкіндігін жоғарлату үшін көлік құралының есігін ашық ұстау керек, өйткені бату кезінде оларды мұзбен және жоғарылаған су қысымымен қысып қалады. Оларды ашуға тек салондағы қысыммен сыртқы қысым теңескенде ғана, яғни автомобиль толық суға батқан кезде ғана ашуға болады. Адамға мұзға шығуға мүмкіндік болса, организмнің тоңазытуы нәтижесінде жүрек тоқтау қауіпі туралыесете сақтау керек және жылыну үшін тез шаралар қолдану қажет. Дәрігерге міндетті түрде бару керек!
ШҚО ТЖД және ШӨАЖҚЖ сүңгуір-құтқарушыларымен тек тергеу орындардың сұрауы бойынша, заттай дәлел үшін, салоннан немесе кабинадан қаза болған адамдарды шығару үшін  судың түбінен батып кеткен көліктік құралдар шығарылады. Қалған жағдайларда шығару көліктік құралдың иесінің сұранысы бойыншасүңгуір құралдары мен жабдықтары бар кез-келген ұйыммен сауда негісінде жүзеге асырылады

Өскемен қ. ТЖ басқармасының ақпараты

 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 2015-10-19 13:41 / 2018-12-28 10:29