Аңшы, қауіпсіздік ережелерін есте сақта!

Өскемен қ. Төтенше жағдайлар басқармасы аңшыларға қарапайым қауіпсіздік ережелерін ескертеді.

1. Шығар алдында компас, сіріңке, пышақ, біраз су және азық-түлік қорын алыңыз.
2. Одан басқа, алдын ала ауа-райын білуді және маусым бойынша киінуді, ысқырғыш алуды және ұялы телефонды бірлікпен толтыруды, сонымен қатар батареяның зарядталуын тексеруді ұсынамыз.
3. Дәрі –дәрмекті тұрақты қолданатындар, яғни бұл егде адамдарға қатысты, өзімен дәрі-дәрмек алуы керек.
4. Келеңсіз жайт тудырмас және туысқандар мен жақындарыңды қобалжытпас үшін, жолға шығар алдында олармен жоспарлаған бағдарыңызды және қайту уақытын талқылауыңыз қажет. Жол бойында мүмкіндігінше көп заттарды есте сақтап қалуға тырысыңыз: қызықты ағаштар, тастар және т.б. Бұл қайтар жолда көп септігін тигізеді. Егер сіз адасып кетсеңіз:
5. Үрейленбеңіз, тоқтап, қай жақтан келгеніңізді ойланыңыз, айқайлар, машинаның шуылы, иттердің үруі  естіле ме жоқпа соны тыңдаңыз. Адамдарға шығуға әртүрлі дыбыстар көмектеседі: жұмыс істеп тұрған трактор, иттің үруі, өтіп бара жатқан поезд.
6. Егер мүмкіндігіңіз болса – биік ағашқа шығып, жан жағыңызға қараңыз. Сіз тұрған жердің, мекенжайдың ерекшелігі (өзендер, орман соқпағы, ауыл және т.б.)? Мүмкін сіз оны биіктен көретін шығарсыз.
7. Егер сіз өзіңізді іздейтінін нақты білетін болсаңыз, онда сол орында қалыңыз. Алау жағыңыз: түтін бойынша адамды табу жеңілірек болады.
8. Егер жолды өзіңіз іздесеңіз - онда бұралаңдап жүрмеңіз, күн бойымен жүріңіз. Егер электртарату желісіне, теміржолға, газқұбырына шықсаңыз жақсы болады: осы объектілердің бойымен жүрсеңіз, адамдарға  әрқашанда шыға  аласыз.
9. Ағаштарды таяқпен ұру арқылы дыбыстық сигнал беруге болады, оның дауысы орман бойымен алысқа тарайды.
Өскемен қ. ТЖ басқармасы сонымен қатар аңшыларды жағада, егістікте, орманда өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Есте сақтаңыз: қараусыз қалдырылған алау немесе немқұрайлы тасталған темекі тұқылы табиғатқа орасан зор шығын келтіруі мүмкін!

Құтқарушылардың көмегі қажет болған жағдайда 101, 112 телефондарына хабарласыңыз.

Өскемен қ. ТЖ басқармасының ақпараты

 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 2015-10-19 13:41 / 2017-10-02 15:44