Тұрғын сектордағы өрт қауіпсіздігінің ережелері

kn2ШҚО ТЖД тұрғын үйлерде болатын өрттер көбінесе отпен абайсыз болу, балалардың отпен ойнауы, мас күйінде шылым шегуде абайламау және т.б. себептерден болатынын еске салады. Отпен абай болыңыз, өрттердің алдын алыңыз,  Сіз осылай өз өміріңіз бен дүние мүлкіңізді өрттен сақтай аласыз.

kn2Тұрғын сектордағы өрттердің себептері: 

- халықтың отпен абай болмауы, балалардың отпен ойыны;
- пештерді, түтінқұбырларды, электрқыздырғыш аспаптарды орнатқан және пайдаланған кезде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу.

kn2Пешті пайдаланған кезде мыналарды білу қажет:

- жанып жатқан пешті қараусыз қалдырмаңыздар;
- бензин, керосин, дизельді отын, май және басқа да тез тұтанатын жанғыш сұйықтықтарды пешті тұтандыру үшін қолданбаңыздар;
- осы отын түріне арналмаған пештерде көмір, кокс және газ жақпаңыздар;
- пешті тым қыздырмаңыздар, сөндірілмеген күл мен көмірді ағаш құрылыстардың жанына төкпеңіздер.

kn2Электраспаптарын пайдаланған кезде мыналарды білу қажет:

- ақаулы электраспаптарын қолданбаңыздар;
- бір электррозеткесіне бір мезгілде бірнеше аспаптарды қоспаңыздар;
- электрқыздырғыш аспаптарының жанында іш киімдер мен аяқ киімдерді кептірмеңіздер;
- электраспаптарын қосылған түрінде қалдырмаңыздар;
- үйде балаларды қараусыз қалдырмаңыздар. 

Отты пайдаланғанда өте сақ болыңыздар!

Өзіңізді және мүліктеріңізді өрттен сақтаңыздар!

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 2013-07-15 09:28 / 2016-01-11 09:47