Адам жанғанда

Егер адамның үстіндегі киім жанса, онда:
-Ең бірінші жанып жатқан адамды кез-келген тәсілмен тоқтату керек. Біреулеріне: "Тоқта!" деген қатқыл дауыс әсер етсе, басқасын қолынан жұлқа тартса тоқтайды, ал үшіншісін аяғынан шалып тоқтату керек.
-Тез арада отты сөндіру керек. Оны жасау едәуір қиынға соғады, өйткені ауырсыну салдарынан адам өзін бақылай алмайды және дөңбекши бастайды.
-Жалынды жұлып алыңыз немесе сумен, қармен, тығыз матамен өшіріңіз. Егер қолыңызда ешнәрсе табылмаса, жалынды тоқтату үшін жанып жатқан адамды жерге аунатыңыз.
-Зардап шегуші адамның басын бүркемеңіз, оның тыныс алу жолдары күйік алуы мүмкін.
-Жалынды сөндіргеннен соң, зардап шегушіні таза ауаға шығарып, күйген киімін кесіп шешіп алыңыз, күйген жерлерінің бетіне зақым келтіріп алмаңыз.
-Зақымданған жерлеріне бинттен немесе таза матадан таңғышты басыңыз. Көп мөлшерде күйік алса, онда зардап шегуші адамды таза жаймаға орап, дереу арада "Жедел жәрдем" шақырыңыз.
-Аурсынуды азайту үшін ауыруды сездірмейтін дәрі  ішкізу қажет.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 2013-07-15 09:28 / 2016-01-11 09:47