Автомобиль өртенгенде

kn2Абай болыңыздар:машинадағы өртті бірден білуге болады. Кабинадағы жанармайдың немесе күйген резеңкенің иісі, қақпақ астынан түтін шығу – бұлардың барлығы тұтану мен өртенуге әкелетін факторлар.

-Машинаның астына төгілген отынды өшіру кезінде өрт ошағының шетінен бастап ортасына бағыттап көбік немесе ұнтақ бере отырып өртсөндіргішті пайдаланыңыздар.

-Қақпақ астындағы тұтануды өшіру кезінде оны абайлап және біртіндеп мүмкін болса қырынан таяқпен немесе жөндегіш құралмен ашыңыздар, себебі бұл кезде жалынның ұшуы мүмкін. Өрт сөндіргішті ең оттың қатты жанып жатқан ошағына бағыттаныздар немесе жалынды брезентпен жабыңыздар, құм, жұмсақ топырақ, қар лақтырып, су құйыңыздар.

 

Горит автомобиль Горит автомобиль


Егер киіміңіз май немесе қолдарыңыз жанармайға малынған болса өрт сөндіруге кіріспеңіз, бұл өте қауіпті. Тұтануды тез жою мүмкіндігі болмаса машинадан қауіпсіз қашықтыққа алыстаңыз, себебі отын багі жарылуы мүмкін. Ешқашанда жанып жатқан автомобильге отырмаңыз және оны от алдыруға тырыспаңыз. Қауіпті аймақ арасында (10 метрден кем емес) адамдар болмауы керек.
Өрт сөндірушілерді күту кезінде от тарамау үшін маңайындағы автомобильдерге су құйыңыздар немесе өтіп бара жатқан адамдар мен жүргізушілердің көмегімен оларды басқа жаққа жылжытыңыздар. Егер өртеніп жатқан автомобиль кабинасында адам болса, ал есік ашылмай қалса, есікті бұзып немесе шыныны шағу керек.( жөндегіш құралмен, таспен немесе аяқпен). Зардап шеккен адамды машинадан алып шығыңыздар, «жедел жәрдем» шақырыңыздар және алғашқы медициналық көмек көрсетіңіздер немесе оны бірінші тоқтатқан машиналарыңызға отырғызып, нөмірін жазып алып немесе еске сақтап ең жақын орналасқан медпунктке жіберіңіздер. Тұтануды жойғаннан кейін болған оқиға туралы жақын орналасқан МАИ-ге хабарлаңыздар.  

kn2Тыйым салынысын:

-Ғимарат арасындағы өртке қарсы аралықтарды материалдар, құралдар мен ыдыстарды жинақтау орыны ретінде, сонымен қатар көлік тұраға ретінде пайдалануға;
-ғимараттар мен имараттарға 50 м жақындықта от жағу, ыдыстар мен қалдықтарды өртеу
-гараж ғимараттары аумағында тез жанатын және жанғыш сұйықтығы бар ыдыстарды (канистралар т.б), сонымен қатар сығылған және сиретілген газды баллондарды қалтыруға;
-жайларды жинау мен бөлшектерді жууда жанармай, керосин және т.б тез жанатын және жанғыш сұйықтықтарды пайдалануға;
-майланған сүрту материалын жинамай тастауға;
-жиһаз, күнделікті үй шаруашылық заттары, және т.б, сонымен қатар 20 литрден артық отын қоры мен 5 литрден артық май сақтауға;
-автомобильдің қозғалтқышын ашық отпен қыздыруға, жарықтандыру үшін ашық от көздерін пайдалануға;
-ұсталық, термикалық, пісіру, сылау және ағаш өңдеу жұмыстарын жүргізуге;
- көлік құралдарды жанармай багінің аузын ашық күйінде ұстауға;
-Аккумуляторды тікелей көлік құралдарында зарядтауға;
-Көлік құралдарына гараж жайда жанармай құю және олардан отынды төгуге;
-электрқұрылғылар мен тұрмыстық электрқұралдарды қараусыз қалтыруға;
-зақымдалған немесе өқшаулағыш, қорғағыш қасиетін жоғалтқан электрөткізгіш пен кабельдерді пайдалануға; Эксплуатировать электропровода и кабели с поврежденной или потерявшей защитные свойства изоляцией;
-жылудан қорғау құрылғылары жоқ, өрттің пайда болу қаупін тудырмайтын жанбайтын жылуоқшаулағыш материалдардан жасалған төсегіші жоқ электрқыздырғыш құралдарын пайдалануға;
-зақымдалған розетка мен басқа да электрқондырғы бұйымдарын пайдалануға;
-стандартты емес (қолдан жасалған) қыздырғыш құралдарын пайдалануға;
-калибирленбеген балқитын төсегіштер немесе қолдан жасалған артық жүктеу мен қысқа тұйықталудан сақтау аппараттарын пайдалануға


Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 2013-07-15 09:28 / 2016-01-11 09:47