Орман мен шым өрттері

kn2Ормандардағы және шымдардағы барлық өрттер құрғақ ыстық ауа-райы кезінде найзағай жарқырағанда, отпен абайсыз болғанда, жер қабатында кепкен шөптерді өртегенде және басқа да себептермен болуы мүмкін. Өрттер елді мекендердегі ғимараттар, ағаш көпірлер, электр тасымалдау желілірі, мұнай өнімдері қоймалары басқа да жанғыш материалдардың жануына, сондай-ақ адамдар мен жануарлардың зақымдануына әкеліп соқтыруы мүмкін.

Орман массивтерінде орман төсеніштері, жас ағаштар және шағын тоғайлар, шөп-бұта жамылғылары, ағаш қалдықтары, тамырсабақтар және с.с. жанған кезде орманның төменгі жақтары жанады. Құрғақшылық мерзімінде қылқан жапырақ жынысына жататын ағаштардың бөрікбастарынан от тараған кезде желді күндері орманның жоғарғы жақтары жануы мүмкін. Төменгі жақтағы өрттің тарау жылдамдығы минутына 0.1-ден 3 метрге дейін, ал жоғарғы – жел бағыты бойынша минутына 100 метрге дейін.

 

Лесные и торфяные пожары Лесные и торфяные пожары

 

kn2Шым және өсімдіктердің тамырлары жанған кезде, жан-жаққа тарайтын жер асты өрттері болуы мүмкін. Шым өздігінен де, тіпті су астында ауа өтпеген кезде де жануы мүмкін. Жанып жатқан шымның үстінен ыстық күл және жанып жатқан шым күлдерінен «бағаналық құйын» пайда болып, қатты жел соққанда үлкен қашықтыққа көшеді және жаңа тұтануды немесе адамдар мен жануарлардың күюін тудыруы мүмкін.

kn2Алдын алу іс-шаралары
Елді мекендерді қорғау және жаппай өрттердің шығынын төмендету үшін алдын ала ормандарда ені 5 - 10 метр, ал қылқан жапырақ ормандарында 50 метрге дейін ормандағы жолдарды және грунт жолағын салу және тазалау іс-шаралары жүргізіледі. Елді мекендерде 1 гектарға 30 шаршы метрден кем емес есеппен есептелетін тоғандар және су қоймалары қойылады.
Елді мекендерде орман және шым өртенген кезде елді мекендерге жақын жерлерде өртке қарсы қызмет буындарынан кезекшілік ұйымдастырылады; орман массивтеріне жанасып салынған құрылыстар арасындағы грунттық жолақтарды тазалау жүргізіледі; елді мекендер құрылысының шекарасына жақын орналасқан 1 метр орман төмпешіктеріне 10 литрдан кем емес есеппен өрт су қоймаларына толтырылады; құдықтар мен тоғандар қалпына келтіріледі; мақта-дәке таңғыштары, респираторлар және басқа да дем алу органдарын қорғау құралдары дайындалады; құрғақшылық мерзімде ормандарға бару тәртібі шектеледі (әсіресе автомобильмен).

kn2Егер сіз өрмандағы немесе шым өртінің ошағына жақын жерде болсаңыз және оны жоюды өзінің күшіңізбен жоюға, тарауының алдын алуға және өшіруге күшіңіз жетпесе, тез арада қауіпті аумақтан шығу қажеттілігі туралы қасыңыздағы жақын адамдарға ескертіңіз. Олардың жолға немесе ормандағы жолға, өзен жағалауына немесе басқа су қоймасына, егістікке шығуын ұйымдастырыңыз. Қауіпті аумақтан тез, от бағытына перпендикуляр бағытта қарай шығыңыз. Егер өрттен шығу мүмкін болмаса, су қоймасына еніңіз немесе су киіммен жамылыңыз.Ашық жерге немесе алаңқайға шығып, жерге жақын ауамен тынысталыңыз – ол жерде түтін аз болады, аузыңыз бен мұрныңызды мақта-дәке таңғышымен жабыңыз.

Өрт аумағынан шыққаннан кейін, өрттің болып жатқан жері, көлемі және сипаты туралы елді мекеннің әкімшілігіне, срндай-ақ халыққа хабар беріңіз. Елді мекенге өрт аумағының жақындауы туралы хабарлау дабылын біліңіз және өрттерді сөндіруді ұйымдастыруға қатысыңыз.

 

 

 
Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 2013-07-15 09:29 / 2016-01-11 09:47