Пештерді қолдану

safety05_07kn2Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтардың мәліметіне өрттердің көпшілігі жылыту пештерін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелері сақталмайтын жеке тұрғын үйлерде болған.  Жылыту пештерін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзушылығы- жылыту мерзіміндегі өрттердің қалыптасқан себебі.

kn2Сіздің үйіңізде жылыту пештерін пайдалану кезінде мына қауіпсіздік шараларын сақтау қажет:  

kn2Жылыту пештерін орнату бойынша ұсынымдар
Пештерді түтін каналдарын орнату үшін пайдалануын қарастырып, ішкі қабырғалар мен аралық қалқалардың жанына, жанғыш емес материалдардан орнату қажет.

Түтін каналдары сыртқы қабырғаларда жанғыш емес материалдардан, жылуландырылған, қажет болса бөлінген газдардан дымқылдылығының қоюлануын болдырмау үшін сыртқы жағынан орнатуға жол беріледі. Түтін каналдарын орнатуға болатын қабырғалар жоқ болған жағдайда түтінді шығару үшін алынып салынатын немесе негізгі түтін құбырын қолдану қажет.  

kn2Әрбір пеш үшін, әдетте, жеке түтін құбыры мен каналын (бұдан әрі «құбыр») қарастыру қажет.
Түтін құбырларын (түтін каналдарын) кесу жылу қуатына қарай, мм қабылдау қажет:
- 140×140 кем емес – пештің жылу қуаты 3,5 кВт дейін болғанда
- 140×200 кем емес - 3,5-тен « 5,2 «
- 140×270 кем емес - 5,2 –ден « 7 «

kn2Дөңгелек түтін каналдарының кесу ауданы көрсетілген тікбұрыш каналдар ауданынан кіші болмау керек. Отынмен жұмыс істейтін пештердің түтін каналдарында екі тығыз ысырмаларды орнатуды, ал көмірмен немесе шымтезекпен жұмыс істейтін пеш каналдарында диаметрі 15 мм. ойығы бар бір ысырма қарастыру қажет.

kn2Оттық торынан бастап аузына дейін түтін құбырларының ұзындығын 5 м кем емес етіп жасау қажет. Шатыр үстінен шығып тұрған жалпы құрылыс биіктігімен тең немесе артық орналастырылған түтін құбырларының биіктігін:
- жалпақ шатыр үстінен - 500 мм кем емес;
құбырдың атшалары немесе жақтауларынан 1,5 м қашықтықта  орналасқан кезінде атшаның немесе жақтауларының үстінен- 500 мм кем емес;
-шатыр  атшасы немесе жақтауларынан төмен емес – түтін құбырының атшадан немесе жақтаулардан 1,5 м-ден 3 м дейінгі ара-қашықтықта орналасқан кезде;
- атшадан төмен көкжиекке дейін 10° бұрышындағы жүргізілген сызықтан төмен емес- түтін құбырының атшадан 3 м. артық ара қашықтықта орналасқан кезінде

kn2Түтін құбырлары пешпен жылытылатын ғимаратқа қоса салынған биігірек ғимарат шатырынан жоғарырақ шығару қажет.
Түтін құбырларының жаныныда орналасқан сору желдету каналдарының биіктігі осы құбырлардың биіктігіне тең алу қажет.  Түтін құбырларын тік кемерсіз қабырғалары қалыңдығы 120 мм кем емес саз кірпіштен немесе қалыңдығы 60 мм кем емес ыстыққа төзімді бетоннан, олардың  бойында жабылатын есіктері бар, тазартуға арналған ойықтары бар тереңдігі 250 мм қалташа қарастырып жобалау қажет.

05_08kn2Көмірмен жанатын пештерге асбестцемент, сондай-ақ тат баспайтын болаттан жасалған түтін шығарғыштарды қолдануға рұқсат етілмейді.   

Биіктігі 0,2 м. кірпіштен жасалған түтін құбырларыныңаузын атмосфералық жауын-шашыннан қорғау қажет. Түтін құбырларындағы шатыр құрылғысы, дефлектор мен басқа қондырмаларды орнатуға жол берілмейді.
Шатырлары жанғыш материалдардан жасалған ғимараттардағы түтін құбырлары  5×5 мм  аспайтын өлшемді тесіктерімен металл торлары бар ұшқын қақыштарымен қарастыру қажет.
Аралық өлшемін 8 қосымшаға сәйкес қабылдау қажет. Аралық жабын (төбе) қалыңдығынан 70 мм артық болу қажет. Пеш аралығы мен ғимарат құрылысы тіреуге немесе қатты жақындатуға болмайды. 

Түтін құбырлары мен түтін каналдары қабырғаларының металл немесе темір бетон балкаларымен түйіскен жерлерінің қалыңдығы  130 мм. ету қажет.
Жанғыш материалдардан жасалған қабырғалар мен аралықтар ойықтарында орнатылған пеш пен құбыр аралығын пештің немесе түтін құбыры бүкіл биіктігіне жайдың шегінде қарастыру қажет. Бұл ретте аралық қалыңдығын аталған қабырға немесе аралық қалқа қалыңдығынан кем етпей қабылдау қажет.
Жабындар, қабырғалар, қалқалар мен аралықтар арасындағы саңылауларды жанбайтын материалдармен толтыруды қарастыру қажет.   

kn2Аралық– жанғыш немесе қиын жанатын материалдардан жасалған пештің сыртқы беті, түтін құбыры немесе түтін каналы мен қабырға, қалқа немесе ғимарттың басқа құрылымы  арасындағы аралықты 8 қосымшаға сәйкес, ал зауытта жасалған пештерге – өндіруші зауыт құжаттамасы  бойынша қабылдау қажет.  

Үш қатар кірпіштен жасалған пеш жабынының үсті мен болат торға сылақпен немесе қалыңдығы 10 мм асбест картон бетіне салынған жалпақ болат бетімен қорғалған жанғыш немесе қиын жанатын материалдардан жасалған төбе арақашықтығы уақ-уақ отын жағатын пештерге 250 мм және ұзақ жанатын пештерге – 700 м, ал төбе қорғалмағанда 350 және 1000 мм. Екі қатар кірпіштен жасалған жабыны бар пештерге аталған аралықты 1,5 есеге көбейту қажет.
Жылуоқшаулауыш жабынымен металл пеш беті мен қорғалған төбе арақашықтығын 800 мм, ал жылу оқшауланбаған жабынымен қорғалмаған төбе арасы 1200 мм алу қажет.  Қызулы пеш жабыны мен жанғыш және қиын жанатын төбе арасындағы аралық жан-жағынан кірпіш қабырғамен жабылуы тиіс.

kn2Ғимарат құрылымдарын:
1) от жағу есігі астындағы  жанғыш және қиын жанғыш материалдарынан жасалған еденді, пеш бойымен жайылған өлшемі  700×500 мм жалпақ  металл бетпен;
2) бұрышта пешке қарсы түйіскен  жанғыш материалдардан жасалған қабырға немесе қалқаны- металл торға қалыңдығы 25 мм сылақпен немесе еденнен отын жағу есігінен қалыңдығы 250 мм биіктікке дейін қалыңдығы 8 мм асбест картон бетіне салынған жалпақ болат бетімен жанудан қорғау қажет

От жағу есігінен қарсы тұрған қабырғаға дейінгі ара қашықтық 1250 мм. кем емес қабылдау қажет.

kn2Еденнен газ айналдырғыш мен күл алғыштың түбіне дейінгі ең аз ара қашықтық:
1) жабын немесе еденді жанғыш және қиын жанғыш материалдардан құрағн кезде күл алғыш түбіне дейін 140 мм, газ айналдырғыш түбіне дейін -210 мм.
2) жабын немесе еденді жанбайтын матераилдардан құрған кезде –еден деңгейінде жасау қажет.
Қаңқалы пештердің, соның ішінде аяқтары бар пештердің астындағы жанғыш материалдардан жасалған еденді жанудан қалыңдығы 10 мм асбест картон бетіндегі жалпақ болат арқылы қорғау қажет, бұл ретте пеш астынан еденге дейінгі ара-қашықтық 100 мм кем емес болу керек.

kn2Пештерді түтін құбырларына қосу үшін:
1) түтін шығарғыштың жоғары жағынан жанғыш материалдардан жасалған төбеге дейінгі ара қашықтығы, төбе жанудан қорғалмаған жағдайда 0,5 м кем болмауы және қорғалған жағдайда 0,4 м кем емес болуы қажет;
2) түтін шығарғыштың төменгі жағынан жанғыш немесе қиын жанатын материалдардан жасалған еденге дейінгі ара қашықтық 0,15 м кем емес болуы қажет жағдайда ұзындығы 0,4 м аспайтын түтін шығарғыштарды қарастыруға жол беріледі.
Түтіншығарғыштарды отқа төзімділік шегін 0,75 с және одан артық қамтамасыз етіп, жанбайтын материалдардан жасау қажет.
Шатырларда түтін каналдары өтетін барлық түтін құбырлары мен қабырғаларын ағарту қажет.  

kn2Пештер мен түтін каналдарының аралықтарының өлшемі
Пеш қабырғаларының қалыңдығын есепке алып, пештер мен түтін каналдары аралықтарының өлшемін жанғыш материалдардан жасалған ғимарат құрылымдарына дейін 500 мм тең  қабылдау қажет.

Пеш қабырғаларының қалыңдығы, мм Аралық Пештің немесе түтін каналының (құбырының) сыртқы бетінен қабырғаға немесе аралық қалқаға дейінгі ара қашықтық, мм
Жанудан қорғалмаған Жанудан қорғалған
120 Ашық 260 200
120 Жабық 320 260
65 Ашық 320 260
65 Жабық 500 380

kn2Пайдалану кезінде:  Түтін шығарғыштар мен пештерді жылыту мерзімі басталар алдында, сондай-ақ барлық жылыту мерзімінде үш айда бір реттен кем емес күлден тазартыңыз. Шатырларда түтін каналдары өтетін барлық түтін құбырлары мен қабырғалары ағартылуы қажет.

kn2Тыйым салынады:
 - жанып жатқан пештерді қараусыз қалдыруға, сондай-ақ оларды қадағалауды кішкене балаларға тапсыруға;
- пештің алдындағы бетке отынды, басқа жанғыш заттар мен материалдарды қоюға;
- пешті жандыруға бензин, керосин, дизельді отын және басқа ЖЖС ж ЖС қолдануға.

 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 2013-11-27 11:22 / 2016-01-11 09:47