Жаңа жылдық және рождестволық мерекелерді өткізу кезінде өрт қауіпсіздігі шаралары

safety05_08kn2Кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның немесе тұрғын жайының өрт қауіпсіздігі жану көздерін және (немесе) жану ортасын болдырмауға, сондай-ақ адамдар жиналатын орынды өртке қарсы қорғауға бағытталған ережелер, нұсқаулықтар мен басқа нормативтік құжаттардың талаптарын қатаң орындау арқылы қамтамасыз етіледі.
Өрт жағу көздерінің жанғыш заттар мен материалдармен байланысу нәтижесінде болады. Жаңажылдық шараларды өткізу кезінде көбінде өрт ашық от жағу көздерінен: жандырылған сіріңке, жанып тұрған май шамнан, бенгаль отынан, ұшқындар, тарсылдақтар, петардалар мен ракетницалардан болады. Сондықтан өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптары жайларда осы жағу көздерін пайдалануды болдырмауға бағытталған.
Басқа жағудың ықтимал көзі электр энергиясы болып табылады. Егер электр жабдығы мен электр өткізгіш зауытта жасалған және техникалық жұмысқа жарамды жағдайда болса, олардан өрттің туындауы мүмкін емес. Алайда электр желісінің зауыт сақтандырғыштарымен қорғалуының сенімділігін тексеру қажет.

Электр бұйымдарындағы өтпелі қарсы тұрудан болған өрттері көп жағдайда электр өткізгіштер бұрамасы болған жағдайларда болады. Осы жағдайда бұрау орындарының бір біріне жеткіліксіз тығыз жабысуына байланысты өткізгіштер арасындағы ауа аралықтары арқылы тоқтың өтуінің салдарынан қызуы мүмкін, соның салдарынан электрөткізгіштермен байланысатын оқшаулаудың немесе басқа жанғыш материалдардың жануы мүмкін.
Электр тоғының ауа қабаты арқылы өту құбылысы ретінде электр құралдарының ұшқындауы сондай-ақ  әртүрлі электр бөліктерінің өзара жеткіліксіз тығыз қосылуының салдары болып табылады.
Электрден болған өрттің себебі қысқаша тұйықталу болуы мүмкін, яғни электр өткізгіштердің екі сымының арасындағы немесе сым мен жер арасындағы қысқаша тұйықталу болуы мүмкін. Осы жағдайда тоқтың күші жүздеген мың есеге өседі, оқшаулауды жандыра алатын және электр өткізгіштердің металл сымдарын еріте алатын көп жылу бөлінеді, олардың тамшылары біршама қашықтыққа ұшып (6-9 м. аса), кез-келген жанғыш материалды жандырады.
Электр құралдарын (электргирляндалар, жарықтандырғыш,  прожекторлар және т.б.) пайдалануды болдырмау немесе оларды пайдалануды біраз тоқтату, жаңажылдық шараларды тәуліктің жарық кезінде өткізу жандырудың ерекше көзі ретінде электр энергиясын болдырмауға мүмкіндік береді.  

Барлық жағдайларда жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін жабылатын жайларда электр энергиясын өшіру қажет.
Жанғыш материалдардың тез жануы қасиеті бенгаль оты ұшқындары сияқты болмашы жандыру көздерінен де жануы себебі болады. Сондықтан өрт қауіпсіздігі талаптарының бірі болып балалардың жаңажылдық киімдерінен марля, қағаз және басқа тез жанғыш материалдарды алып тастау, шыршаны безендіру үшін мақтаны антипиренмен сіңіру табылады.  
Жаңа жылдық мерекелерді өткізу үшін 2 қабаттан жоғары емес орналасқан, ондағы адамдардың барлығы адам өміріне қауіпті түтіндеу немесе ғимарат ішіндегі температураның жоғарылауы болғанша далаға қауіпсіз шыға алатындай есеппен жайларды таңдайды.  
Өрт туындаған жағдайда жайларда өрт туындаған жағдайда адамдар көп жиналатын орындарда бастапқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз ету қажет.
Осы жағдайда өрт кезіндегі әрекеттерге және отпен күресу тәсілдеріне үйретілген кезекші персоналдың жұмысы ұйымдастырылады. Кезекші персонал электр сөндірілген жағдайға фонарьлармен қамтамасыз етіледі.
Жаңа жылдық мерекелерді өткізу үшін жобалау нормалары талаптарына жауап беретін екіден кем емес жан жаққа орналастырылған эвакуациялық шығу есігімен қамтамасыз етілген, терезелерінде торлары жоқ және жанғыш жабындары бар ғимараттардың 2 қабатынан жоғары емес орналасқан  жайларды пайдалануға жол беріледі.

Шырша орнатылған жайларда кілем және кілемшелер жиналуы қажет, ал эвакуациялық жолдарда еденге бекітілуі қажет.
Шырша тұрақты негізге орнатылуы қажет.
Жайларда электр жарықтандыруы болмаған жағдайда шырша жанындағы шаралар тәуліктің жарық уақытында өткізілуі тиіс.
Электроэнергия өшірілген жағдайда қызмет көрсетуші персоналда электр фонарьлар болуы қажет.
Иллюминация электр қондырғыларды пайдалану ережелерінің сақталуымен орындалуы қажет. Шыршада электрлік жарықтандыру желісін азайтатын трансформаторсыз пайдалану кезінде гирляндалар кернеуі 12 В дейін лампочкаларды бірінен кейін бірін қосып пайдаланылуы мүмкін; лампочкалардың қуаты 25 Вт-тан аспауы қажет.
иллюминацияда ақауларды анықтаған жағдайда (сымдардың қызуы, лампочкалардың жымыңдауы, ұшқындауы) ол дереу тоқсыздандырылуы қажет.

kn2Тиым салынады:
- Шамдар мен тарсылдақтар қолдану, отшашулар жағу және басқа жарықтық өрт қауіпті әсерлерді жасау.
- Шыршаны целлулоид ойыншықтармен, сондай-ақ оттан қорғау құрамымен сіңірілген марля мен мақтамен безендіруге.
- Көпшілікпен өтетін шараларды жүргізу кезінде оттық, сырлау және басқа өрт қауіпті және жарылыс өрт қауіпті жұмыстар жүргізуге.
- Спектакльден мен көріністер кезінде жайларда жарықты толық өшіруге.
Шараларды өткізу кезінде жауапты тұлғалардың, ерікті өрт жасағы мүшелері, мемлекеттік немесе мемлекеттік емес өртке қарсы қызметі, мемлекеттік өрт бақылау қызметкерлерінің кезекшілігі ұйымдастырылуы қажет.
Шырша тұрған жай бастапқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етілуі қажет.
Эвакуациялық шығу есіктері жайдан шығу жағына қарай еркін ашлуы қажет.
Кезекші персонал шаралар өткізу кезінде өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулықтар журналында қол қойып, телефон мен бастапқы өрт сөндіру құралдарының тұратын орны, өрт туындаған жағдайдағы әрекеттер мен ғимараттан адамдарды көшіру бойынша, сондай-ақ өртті сөндіру және материалдық құндылықтарды сақтау туралы  нұсқаулықтан өту қажет.  

kn2Өрт туындаған жағдайда:
- дереу ол туралы 101 немесе 112 телефоны бойынша өрт күзетіне хабарлау қажет.
- Адамдарды көшіру және бастапқы құралдармен  өртті сөндіру бойынша шаралар қабылдау.
- Электрэнергиясын сөндіру (өртке қарсы қорғаныс жүйелерін есептемегенде).
- Келген өрт сөндіру-құтқару құрылымдарын қарсы алу және өрттің орнын көрсету қажет.

kn2Пиротехникалық өнімдерді тарату және қолдану кезіндегі өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптары.
Пиротехникалық өнімдерді тарату және қолданумен байланысты обьектілер мен орындарға қойылатын талаптар Өрт қауіпсіздігі ережелерінде, Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттерінде баяндалған.

kn2Пиротехникалық өнімдерді тарату және қолдану кезіндегі негізгі өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптары:
-Пиротехникалық өнімдерді мамандандырылған жеке тұрған ғимараттарда сатуға рұқсат етіледі. Пиротехникалық өнімдер жайларда өртке қарсы аралықпен бөлінген металл шкафтарда сақталуы тиіс. Аталған шкафтарды жертөле жайларында сақтауға жол берілмейді.  
- пиротехникалық өнімдерді пайдалану кезінде қауіпсіздік шаралары: ПӨ базистік, аралық сауда обьектілерінде, сондай-ақ ПӨ санатына байланысты осы обьектілердің қойма жайлары мен сөрелерінде сақтауға рұқсат етіледі.  
- Пиротехникалық өнімдерді сатуды мамандандырылған дүкендерде және мамандандырылған бөлімдерде жүзеге асыру қажет. Бұл ретте пиротехникалық өнімдерді сату бойынша бөлімдер (секциялар) дүкендердің жоғары қабаттарында орналасу қажет және шығу жолдарына жақын орналаспау қажет.
- Барлық сатылатын пиротехникалық өнімдердің белгіленген үлгідегі қауіпсіздік сертификаты болуы қажет.
- Пиротехникалық өнімдерді сату орындары АВС (Е( типті ұнтақты өрт сөндіргіштер немесе өрт сөндіру заттарымен (құм, күрек, суы бар бөшке) жабдықталуы қажет.
- Ақаулары бар және сапасыз белгілері бар, тығыз жабылмаған ораудағы немесе механикалық зақымдалған, өнім туралы ақпарат толық болмағанда; жарамдылық (сақтау) мерзімі анықталмаған немесе өткен өнімдерді пайдалануға жол берілмейді.

kn2Пиротехникалық өнімдерді сату обьектілерінде тиым салынады:
- өрт қауіпті тауарларды сату бойынша жеке секцияларды шығу есіктері, саты торлары, тамбурлар мен көшіру жолдарында 4 м жақын орналастыруға;
- пиротехникалық өнімді сауда залдарында және көшіру жолдарында және т.б. сақтауға
Пиротехникалық өнімдерді пайдалану кезінде тиым салынады:
- пиротехникалық өнімді пайдалану бойынша нұсқаулықпен қарастырылған кез-келген әрекет;
- қатты жел соққанда, құрылыстар, ағаштар, тез жанғыш заттар, бұзылу белгісі бар немесе жарамдылық мерзімі өткен бұйымдарға 20 м. жақын қолдану;
- 16 жастан кіші тұлғаларға сату;
- пиротехникалық өнімді бұзуға;
-балаларға, қолдан қостыруға, отшашуды адамдарға, жануарлар мен құрылыстарға қарай атуға;
- пиротехникалық өнімді басқа жанғыш заттар мен материалдармен бірге ұстауға.
Бұзылу немесе жарамдылық мерзімі өткен белгілері бар қосылмай қалған пиротехникалық өнімді жою 8 сағаттан кем емес суға салып, одан әрі тұрмыстық қалдықтармен бірге лақтыру қажет.
Сонымен бірге, рұқсат етілмеген сауда арқылы сапасыз, сертификатталмаған пиротехникалық өнімнің тұтынушыға түсуі негізгі мәселе болып табылатынын атау қажет.
Өткен жылдар тәжірибесі рұқсат етілмеген пиротехникалық өнімдер сату орындары адамдар көп жиналатын орындарда орналасқандығын көрсетеді. Олар базарлар, сауда үйлері, дүңгіршектер мен т.б.

Абай болыңыздар, жоғарыда аталған ережелерді сақтаңыздар, сонымен өзіңіздің де, жақындарыңыздың, және сізді қоршаған адамдардың өмірін сақтап ақаласыз !!!!

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 2013-12-25 15:09 / 2016-01-11 09:47