Жер сілкінісі

kn2 Жер сілкінісі- жер қыртысы немесе мантия бетінің кенеттен қозғалуы нәтижесінде және тығыз тербеліс түрінде үлкен қашықтыққа берілетін жер асты дүмпулері мен жер бетінің тербелісі. Жер қыртысындағы сейсмикалық толқындар тарайтын нүктені жер сілкінісінің ішкі кіндігі деп атайды. Жер сілкіну ішкі кіндігінің ең қысқа қашықтықтағы жер бетінің орнын жер сілкіну кіндігі деп атайды. Жер сілкінудің қарқындылығын 12 баллдық сейсмикалық шкала бойынша (MSK-86) бағалайды, ал жер сілкінудің энергетикалық санаты үшін магнитуданы пайдаланады. Жер сілкіну шартты түрде әлсіз (1-4 балл), күшті (5-6 балл) және қирататын (8 және одан да көп) деп бөлінеді.
Жер сілкінісі кезінде шынылар сынады және ұшады, сөреде жатқан заттар құлайды, кітап сөрелері мен аспа шамдар шайқалады, төбенің балшығы құлайды, қабырғалар мен төбелерде сызаттар пайда болады. Бұның барлығы қатты шуылмен бірге болады. 10-20 секунд сілкілегеннен кейін жер асты дүмпулері күшейе түседі, нәтижесінде ғимараттар мен құрылыстар қирай бастайды. Барлығы он шақты күшті дүмпулер бүкіл ғимаратты қиратады. Жер сілкінісі орта есеппен 5-20 секундқа созылады. Сілкініс ұзаққа созылған сайын зардаптар ауырлау болады. Сахалин облысының Нефтегорск қаласындағы жер сілкіну кезінде (1995 ж) қираған қала үйінділерінің астында 2000 адам мерт болды.

 

Землетрясение Землетрясение

kn2Жер сілкінісіне қалай дайындалу керек

ЖЕР СІЛКІНІСІ – жер қыртысы немесе мантия бетінің кенеттен қозғалуы нәтижесінде және тығыз тербеліс түрінде үлкен қашықтыққа берілетін жер асты дүмпулері мен жер бетінің тербелісі. Жер қыртысындағы сейсмикалық толқындар тарайтын нүктені жер сілкінісінің ішкі кіндігі деп атайды. Жер сілкіну ішкі кіндігінің ең қысқа қашықтықтағы жер бетінің орнын жер сілкіну кіндігі деп атайды. Жер сілкінудің қарқындылығын 12 баллдық сейсмикалық шкала бойынша (MSK-86) бағалайды, ал жер сілкінудің энергетикалық санаты үшін магнитуданы пайдаланады. Жер сілкіну шартты түрде әлсіз (1-4 балл), күшті (5-6 балл) және қирататын (8 және одан да көп) деп бөлінеді.
Жер сілкінісі кезінде шынылар сынады және ұшады, сөреде жатқан заттар құлайды, кітап сөрелері мен аспа шамдар шайқалады, төбенің балшығы құлайды, қабырғалар мен төбелерде сызаттар пайда болады. Бұның барлығы қатты шуылмен бірге болады. 10-20 секунд сілкілегеннен кейін жер асты дүмпулері күшейе түседі, нәтижесінде ғимараттар мен құрылыстар қирай бастайды. Барлығы он шақты күшті дүмпулер бүкіл ғимаратты қиратады. Жер сілкінісі орта есеппен 5-20 секундқа созылады. Сілкіну ұзаққа созылған сайын, зардаптар ауырлау болады. Сахалин облысының Нефтегорск аласындағы жел сілкінісі кезінде (1995ж.) қираған қала үйінділерінің астында 2000 адам қаза болды.  

kn2Жер сілкінісіне қалай дайындалу керек
Үйде, жұмыста, кинода, театрда, көлікте және көшеде болған кездегі жер сілкінуге алдын ала іс-қимылдар жоспарлап алыңыз. Отбасы мүшелеріне жер сілкіну кезінде не істеу керектігін түсіндіріп және алғашқы медициналық көмек көрсету ережелерін үйретіңіз.
Құжаттарды, ақша, қалта шамын және қосымша батареяларды ыңғайлы жерде ұстаңыз. Бірнеше күнге жететін үйде ауыз су және консервілер қорын ұстаңыз. Кереуеттерді терезелер мен сыртқы қабырғалардан алып тастаңыз. Пәтердегі шкафтарды, сөрелерді және стеллаждарды бекітіп қойыңыз, жоғарғы сөрелер мен антресольдардан ауыр заттарды алып тастаңыз.
Қауіпті заттарды (улы химикаттарды, жеңіл тұтанатын сұйықтарды) жақсы оқшауланған сенімді жерде сақтаңыз. Қажет болған жағдайда электрді, газ бен суды өшіру үшін барлық тұрғындар рубильниктің, газ және су құбырларының магистралді крандарының қай жерде орналасқандығын білуі тиіс.

kn2Жер сілкіну кезінде қалай әрекет жасау керек
Ғимараттың тербелгенін сезген соң, шамдардың шайқалғанын, заттардың құлағанын көрген соң, үдеп келе жатқан шуды сынған шынының сыңғырын естіген соң байбалам салмаңыз (бірінші дүмпулерді сезгеннен бастап ғимарат үшін қауіпті тербелістерге дейін Сізде 15-20 секунд уақытыңыз бар). Жылдам құжаттарды, ақша және қажетті заттарды алып ғимараттан шығыңыз. Жайлардан шыққан кезде лифтіні пайдаланбай басқышпен түсіңіз. Көшеге шыққаннан кейін ғимараттардан алшақтау, ашық кеңістікке барыңыз. Сабырлық сақтап, өзгелерді де тыныштандыруға тырысыңыз!
Егер Сіз еріксіз бөлмеде қалып қойсаңыз, қауіпсіз жерге тұрыңыз: ішкі қабырғада, бұрышта, ішкі қабырға ойығында. Мүмкіндік болса үстелдің астына тығылыңыз – ол Сізді құлаған заттар мен сынықтардан қорғайды. Терезелер мен ауыр жиһаздардан аулақ тұрыңыз. Егер де Сіздермен балалар болса – оларды өзіңізбен қалқалаңыз!
Тұтатқыштарды, сіріңкені, шамдарды қолданбаңыз – газ ағып кетсе өрт шығу мүмкіндігі бар. Балкондардан, карнизден, парапеттен алшақ тұрып, жұлынған сымдардан сақтаныңыз.
Егер де Сіз автомобильде болсаңыз, дүмпулер тоқтағанға дейін автомобильден шықпай ашық жерде болыңыз. Басқа адамдарды құтқару кезінде көмек көрсетуге дайын болыңыз.

Землетрясение Землетрясение

kn2Жер сілкінісінен кейін не істеу керек
Мұқтаждарға алғашқы көмек көрсетіңіз.  
Жеңіл алынатын үйінділерге түскендерді босатыңыз. Абай болыңыз! Балалардың, науқастар мен қарттардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіз. Оларды тыныштандырыңыз. Аса қажетсіз телефонды пайдаланбаңыз.  Радиохабарды қосыңыз. Жергілікті билік, табиғи зілзала зардаптарын жою бойынша штабтың нұсқауларына бағыныңыз.
Электр өткізгіштерде зақым келгенін тексеріңіз. Ақаулықты жойыңыз немесе пәтердегі электрді ажыратыңыз. Күшті жер сілкінісі кезінде қалада электрдің автоматты түрде ажыратылатындығын есте ұстаңыз.
Газ және су құбырлары ақауларының бар-жоғын тексеріңіз. Ақаулықтарды жойыңыз немесе желілерді ажыратыңыз. Ашық отты пайдаланбаңыз. Баспалдақтан түсер кезде абай болып, оның беріктігіне көз жеткізіңіз. Қираған ғимараттарға жақындамаңыз, оған кірмеңіз. Қайталанбалы дүмпулерге дайын болыңыз, ол жер сілкінісінен кейін алғашқы 2-3 сағатта өте қауіпті. Ғимараттарға аса қажет болмаса кірмеңіз.  Қайтадан мүмкін болатын дүмпулер туралы ойдан еш нәрсе айтпаңыз. Ресми ақпаратты ғана пайдаланыңыз. Егер де Сіз үйіндіде қалып қойсаңыз, қалыптасқан ахуалға байыппен бағалап, мүмкіндігінше өзіңізге өзіңіз медициналық көмек көрсетіңіз. Үйіндінің сыртындағы адамдармен байланыс орнатуға тырысыңыз (дауыспен, тоқылдатып). От жағуға болмайтынын, унитаздан су ішуге болатынын, ал құбырлар мен батареяны белгі беру мақсатында пайдалануға болатындығын есте ұстаңыз. Күшіңізді үнемдеңіз. Адам азықсыз жарты айдан аса уақыт өмір сүре алады.

 

Землетрясение

 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 2013-07-15 09:29 / 2016-01-14 09:37