Мемлекеттік қызметтер

Қазақстаның мобильдік үкіметі

Мобильді үкімет  –  Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің дамуының жаңа кезеңі, ол 2014 жылы басталды  және  мемлекеттік  қызметтерді  көрсету үдерісінің тиімділігі мен айқындылығын арттыруға  бағытталған.

Мобильді байланыс   коммуникацияның  осы кезеңдегі  негізгі  арнасы  болып   табылады.

Жобаның негізгі үш міндеті  атап көрсетілген:

  1. Қазақстанның «мобильді үкіметін» құру үшін негізгі тірегі болып табылатын  заманауи  мобильді платформа құру;
  2. Мобильді  арналар арқылы азаматтарға электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету;
  3. Электрондық мемлекеттік  қызметтер мен сервистерді   алушылардың  санын көбейту.

Жоба 2014 жылдан  2016 жылға дейінгі  кезең аралығында  жүзеге асырылады. Қорытындысында  мобильді платформаға әлеуметтік маңызды және ең талап етілген 50 мемлекеттік қызмет шығарылады.

 

Еgov.kz мобильдік қосымшасы қолданыста!

19 наурызда Астанада электрондық үкіметтің мобильдік қосымшасының көрсетілімі өтті. Мобильдік egov.kz «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ 2012 жылы әзірленді. Қосымша қазақ және орыс тілдерінде iOS және Android операционды жүйелері базасындағы телефондар үшін құрылды.

Таныстырылымның барысында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Еңсебаев Руслан хабарлап өткендей, мобильдік телефонның көмегімен қазақстандықтар бүгінгі күні мекенжай анықтамасын, балабақша орнына кезекке тұруға және оның жылжуын қадағалай алады. Одан басқа мүлікке, көлікке салықты, өсімді, коммуналдық қызметтерді, айыппұлдарды, оның ішінде жол қозғалысын бұзғаны үшін төлеуге, сондай-ақ дәрі-дәрмектің атауы бойынша жақын маңдағы дәріхананы табуға болады.

Электрондық цифрлық қолтаңбаны талап ететін электрондық қызметтерді алу үшін «ҰАТ» АҚ мамандарымен криптопровайдер, сондай-ақ пайдаланушылардың push-хабарламасының механизмі әзірленді.

Руслан Еңсебаевтың айтуынша бүгінгі күні мобильдік қосымшаның шығарып алынған саны өткен жылмен бастағанда iOS – 15 мың реттен аса, Android – 7 мың реттен аса шығарып алуды құрады.

Жоба басшысы Байрамова Алинаның айтуынша е-үкіметтің мобильдік қосымшасының қолайлығы және қажеттілігі шет елдегі шығарып алудың санымен расталуда. Ендігі шетелдегі Қазақстанның азаматтары коммунальдық төлемдерді, салықтарды төлеуге, қажетті мемлекеттік қызметтерді алуға болады. Мысал ретінде 2012 жылы мобильдік egov.kz-ті Ресей, АҚШ, Түркия, Ұлыбритания, Канада, Чехия және Швейцария сияқты елдерде 600 реттен аса жүктеген. Көрсетілім кезінде журналистерге телефон арқылы мекенжай анықтамасын алу мен коммуналдық қызметтер үшін төлеу көрсетілді.

iOS үшін мобильдік қосымшаны жүктеу
Android үшін мобильдік қосымшаны жүктеу

 

 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 2015-07-17 14:49 / 2016-01-11 09:48