Өрт-құтқару спорты

kn2Өрт күзетінің кәсіби қызметінің негізгі түрі өрт сөндіру. Күрделі өрттерді сөндіру кезінде жеке құрамға маңызды күш және жүйке салмақтарын төзуге тура келеді. Өрт сөндіру құралдарын барынша тез жаю, адамдарды құтқару, мүліктерді көшіру, биікте, түтінде және жоғары температурада жұмыс жасау, күрделі жағдайда әртүрлі кедергілерді жеңу жеке құрамға өз міндетін саналы сезінуден басқа денсаулықты, күштілікті, төзімділікті, қайсарлықты, жылдамдықты талап етеді. Барлық осы сапаларға өрт-сөндіруші- спортсмендер ие.

kn21937 жылы өрт-қолданбалы жаттығулар енгізілген ІІХК өрт сөндіру күзетінің бірінші жарыстары өткізілді. 1939 және 1940 жылдары жаттығулар мен олардың орындалуы сипатталған, арнайы хабарландырылған бағдарлама бойынша Бүкілодақтық сырттай жарыстар өткізілді.
Соғыстан кейін өрт-қолданбалы спорты жаппай өсті, сонымен қатар өрт-сөндіруші-спортсмендердің шеберлігі артты, олар соғысқа дейінгі ең үздік көрсеткіштерге жетіп қана қоймай, олардан асып кетті.

kn21945 жылы өрт-қолданбалы спорты жарысының ережелері және КСРО ІІМ өрт күзетінің Бүкілодақтық жеке-командалық жарыстарының бағдарламасы әзірленді, ол келесі түрлерден тұрады:

-оқу мұнарасының 4-ші қабатына шабуыл сатысы арқылы көтерілу;
-100-метрлік кедергілері бар жолақтан өту;
-3-буынды жылжымалы сатыны орнату және сол арқылы оқу мұнарасының 3-ші қабатына көтерілу;
-6Х100 м өрт эстафетасы;
-бөлімшенің әскери дайындығы;
-қоссайыс.

Осы жылы бірінші рет қоссайыста өрт күзетінің чемпионы атағы бекітілді (оқу мұнарасының 4-ші қабатына шабуыл сатысы арқылы көтерілу және 100-метрлік кедергілері бар жолақтан өту), жеке сынақта жеңімпазға лента ұсынылды.

kn21948 жылы 100-метрлік кедергілері бар жолақтан өту жаттығуларынан 60-килограмдық адамның тұлыбын тасу алып тасталынды және кедергілердің арақашықтығы өзгертілді, ал 6Х100 м өрт эстафетасынан бірінші кезең - 100м жүгіру, оның ішінде 25м қорғау киімімен алынып тасталды. Эстафета 5 кезеңнен тұратын болды (5Х100 м).  Өрт-қолданбалы спортының екі түрі осы күйде көп болған жоқ, 1954 жылға дейін ғана болды.
Оқу мұнарасының 4-ші қабатына шабуыл сатысы арқылы көтерілудің  және 100-метрлік кедергілері бар жолақтан өтудің ІІМ өрт күзетінің чемпионы атағы 1951 жылы белгіленді.

kn21954 жылы өрт-қолдану спортының мына түрлері өзгереді, 100-метрлік кедергілері бар жолақтан өту және өрт эстафетасы (5Х100 м).  Биіктігі 3,5 м үлкен дуалдан және «тышқан қақпанынан» өту жойылды.

Кедергілерді алып тастау спортсмендерге жоғарғы жылдамдықта күрделі техникалық амалдарды игеріп, көрсетуге мүмкіндік берді, спортсменнің үлкен дуалдан секіру кезінде жарақат алу мүмкіндіктері азайды, ағаш-саты арқылы баспен төмен қарай сырғанау сияқты амалдарды орындау техникасын талап ететін, ал «тышқан қақпанынан» өту үшін жерден 50 см биіктіктегі 10 метрлік планкадан еңбектеп өту керек болған, ол тазалық ережесін бұзуға және жарыстың көрінісін төмендетуге әкеп соқыратын.

Кедергілердің орнын ауыстыру өрт қолданбалы спортын көріністі және серпінді етуге бір қадам жасады. Спорттық-материалдық техникалық базаның жетілуімен қатар жарыстың бағдарламалары шарттардан және шектеулерден босатылып, тұрақтала бастады, қолданбалы-спортшылардың шеберліктері арта түсті.  Көріністілік, серпінділік, әрине өрт-техникалық спортын танымал болуына ықпал етіп, оны Бірегей Бүкілодақтық спорт классификациясына қосуға жағдай жасады. 20 жылдан соң, 1937 жылы алғаш рет өткізілген жарыстардан кейін, оған барлық республикалар одағының, Молдава ССР, Москва және Ленинградтан басқа, спорт ұжымдары қатысты.

1963 жылы өрт-қолданбалы спорты бойынша жарыстар бағдарламасының келесі түрлері қарастырылды:
оқу мұнарасының 4-ші қабатына шабуыл сатысы арқылы көтерілу;
-100-метрлік кедергілері бар жолақтан өту;
-3-буынды жылжымалы сатыны орнату және сол арқылы оқу мұнарасының 3-ші қабатына көтерілу;
-4Х100 м өрт эстафетасы, жанып жатқан сұйықтықты өшіру арқылы;
-қоссайыс (оқу мұнарасының 4-ші қабатына шабуыл сатысы арқылы көтерілу және 100-метрлік кедергілері бар жолақтан өту); .
- бөлімшенің әскери дайындығы;

kn21967 жылмен 1957 жылды салыстырғанда спортсмендердің көрсеткіштері тез өсті. 1966 жылы КСРО Ресей және Украина қалалары спортсмендерінен құралған құрама командасы III Халықаралық көрсету қойылымдарына қатысқан мемлекет Югославияда өткен өрттерді өшіру мен алдын алу туралы Халқаралық техникалық комитеттің қатысушысы. Біздің құрама команданың көрсету қойылымдарына дейін халықаралық жарыстар, өрт күзету қызметкерлерінің физикалық және саналы-қайратты сапасын дамытатын  талапқа сәйкес келмейтін бағдарламалар бойынша өткізілетін. КСРО өрт қолданбалы спортының Федерациясы КТИФ-ке халықаралық жарыстарға өрт қолданбалы спорты жаттығулары негізінде жаңа бағдарлама енгізуді ұсынды, ол КСРО-да қабылданды. КТИФ-тің Бас ассаммблеясының шешімімен бұл ұсыныс қабылданды.

kn21968 жылғы ақпанда КСРО өрт қолданбалы спортының Федерациясы шешімімен плансмассадан жасалған дулыға енгізілді, жеңілдетілген әскери киім киюге рұқсат етілді, металдан жасалған шабуыл сатысының жобасы жасалды және бекітілді, оқу мұнарасына шабуыл жасауда, 100-метрлік кедергілері бар жолақты игеру спорт түрлеріне, кіші алтын медаль тапсырумен қатар КСРО чемпионы атағы бекітілді.
Қазақстанда өрт-қолданбалы спортын өткен ғасырдың 50-ші жылдарының басында өткізе бастады. ШҚО-нда құрама команда 1954 жылы ұйымдастырылды, бірақ 5-ші орыннан жоғары көтеріле алмады. 1959 жылы Өскеменга тұрып, жұмыс істеуге Денисов Владимир Данилович келді. Оған дейін ол Украинадағы өрт күзетінде жұмыс істеді және ӨҚС жаттықты,-Запорожск облысының чемпионы, Украина біріншілігінің жүлдегері  болды.  1959 жылы 100-метрлік кедергілері бар жолақтан өту ШҚО-нда 25 секунд болса, ал Денисовтың сол кездегі жеке рекорды 17,2 секунд болған. Сол уақытта қалада жалғыз әскерилендірілген өрт сндіру бөлімі болған-ӘӨСБ-8- зауытты күзететін бөлім (қазір ҮМЗ) және бөлім қызметкерлерінен тұратын құрама.

kn21960 жылы ШҚО командасы Денисов Владимирдің басшылығымен ҚР чемпионатында 1-ші орынды иеленді.  1961 жылдан 1965 жыл аралығында ШҚО командасы ҚР чемпионатында 2-ші орынды иеленді, астана командасына Алматыға ғана жол берді.
Команда құрамында : Денисов В.Д., Титов А.К., Первунинский В.А., Нестеров В.А., Дроздов В.А. болды.
Соңында Титов Анатолий Калинович бөлімді және ҮМЗ күзету жасағын басқарған уақытта жаңа өрт-сөндіру ғимаратын, оқу мұнарасын, спорт  алаңын және жабық спорт залын тұрғызды. 80 жылдардың соңына дейін облыстың құрама командасы сол спорт базасында жаттықты. А.К.Титовта СШК атағы болды, «Өрттегі ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

1965-1967 жылдары Первунинский Василий Никифорович Қазақ ССР құрама командасының құрамында бүкілодақтық жарыстарға қатысты. Өмір бойы спортпен қоштаспады. 1982 жылы 51 жасында №40-шы ӨСБ біріншілігінде 3-буынды жылжымалы сатыны көтеруден 1-ші орынды иеленді.
Дроздов Владимир Александрович өрт күзетіне 1960 жылы келіп, бірден спортпен шұғылданды.  1965 жылы А.Титовпен жұптасып 3-буынды жылжымалы сатыны көтеруден облыс рекордын орнатты, ол - 14,7 сек 10 жыл бойы сақталды.
Келесі өрт сөндірушілер-спортшылар буыны болған: И.Ануфрейчук, М.Коломатский, С.Козырь, В.Басалаевтер де команданың жоғарғы деңгейін ұстап, 2-ші орыннан кем орынды иеленбеді.

kn21972 жылы ШҚО және ҚазССР құрама командасының құрамына Владимир Коншу шықты. Қазақстанда 100 метрлік кедергілері бар жолақтан өтудегі оның рекорды  7 жыл бойы сақталды.
Коншу Владимир Петрович №37-МӘӨСБ бастығы лауазымын атқарып жүрген кезінде Қазақстан чемпионатында өнер көрсетуін жалғастырды. Облыстық өрт күзеті басқармасын басқарған кезде де өрт-қолданбалы спортының белсенді қолдаушысы болды. 1989 жылы облыстық басқарма жанында құрылған спорттық өрт стадионы қолдануға тапсырылды. Ал 1995 жылы спорт манежі жұмысын бастады. 90-шы жылдары оның қаржылай көмегінің арқасында Қазақстан құрамасы халықаралық жарыстарға шығуын жалғастырды.

kn2ӨҚС-мен 1977 жылы Игорь Ильичёв айналыса бастады. 1979 жылдың өзінде ол ШҚО командасы құрамында 4х100м өрт эстафетасында республикадағы рекордты - 1мин 05с орнатты.  1983 жылы Игорь 1 күнде 2 рекорд орнатты: Талдықорғанда өткен республика чемпионатында 100 метрді 16,4 секундта жүгіріп өтті және шабуыл сатысына 14,25 сек-та көтерілді. ҚР құрамында 13 жыл ішінде, республикады 8 рекорд орнатты.  Қазақстанның ӨҚС тарихында КСРО құрамасына шақырылған жалғыз спортсмен болды. 1988 жылы Таллин қаласында КСРО чемпионатында 100-метрлік кедергілері бар жолақтан өтуде 4-ші орынды иеленді. 10 жыл бойы ҚР және ШҚО құрама командаларының жаттықтырушысы болды.

 

ШҚО ӨҚС Құрмасылар

 

sport sport sport
ШҚО ӨҚС Құрмасы ШҚО ӨҚС Бойынша жасөспірімдер құрама командасы Сборная команда девушек по ПСС ВКО

 

ӨҚС бойынша ШҚО құрамасының командалық көрсеткіштері
   
 

 

 

 

 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 2013-07-15 09:59 / 2016-01-11 09:48